17 Маусым, 2015

Солтүстік Қазақстанда асыл тұқымды мал көбейіп келеді

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
17.06.2015 SKO-5ПЕТРОПАВЛ. 17 маусым. Аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың қатысуымен   ірі агроқұрылым жетекшілерімен өткен кеңесте 2015-2017 жылдары мал шаруашылығын дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінде солтүстікқазақстандықтар егіншілікпен қатар мал шаруашылығын ойдағыдай дамытып келеді. «Ірі қара малының экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында   былтыр 1,7 мың басқа арналған 10 асыл тұқымды репродуктор, 2800 басқа шақталған 5 бордақылау алаңы құрылды.    «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары шеңберінде 9200 бас түлік сатып алынды.  Нәтижесінде агроқұрылымдардағы ірі қара малының саны 53 пайызға жетті.  Биыл 20 мың бас мал әкелу жоспарланған. Жиында сөз алған «Леонов» ШҚ-ның жетекшісі Павел Леонов ірі қара малдың саны қазіргі кезде 585 басты құрап отырғанын, алдағы үш жылда 1500 басқа дейін жеткізетінін мәлімдеді. «Сүт өңдеу ісін жолға қою мақсатымен шетелдік құрал-жабдықтар сатып алдық. Енді тәулігіне 10 тонна сүт өңдейтін цехты іске қосатын боламыз», деді Павел Яковлевич. Мамлют ауданындағы «ИшимАгроНорд» ЖШС-нің басшысы Игорь Гришанов алдағы үш жылда мал санын 5 000 басқа дейін өсіруді жоспарлап отыр. Биыл мал табындары асыл тұқымды 500 баспен толыққан.  Ал, Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Аманат-Агро» ЖШС мал шаруашылығын дамытуға кірісіп кетіпті. Оны үш жылда 1 000 басқа дейін көбейту көзделген. Кездесуді қорытындылаған Ерік Хамзаұлы осы мәселе бойынша облыстың әрбір ауыл шаруашылығы құрылымымен тиісті келісім жасалатынын атап көрсетіп, бұл орайда, жұмыскерлердің жалақысын көтеру мәселесін бақылауға алуды тапсырды. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.