Оқиға • 09 Желтоқсан, 2024

«12 миллион теңге шығын»: Жетісу облысында алаяқ әйел 7 жылға сотталды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында бірнеше мәрте алаяқтық жасаған әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«12 миллион теңге шығын»: Жетісу облысында алаяқ әйел 7 жылға сотталды

Фото: rgmedia.kz

Бас прокуратураның хабарлауынша, 2 жыл бойы әйел өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Ол халықтың сеніміне ие болып, оларға ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алуға және тегін субсидиялар алуға көмегін ұсынған.
 
Нәтижесінде, 13 адам алаяқтың құрбаны болған. Оның келтірген шығыны 12 миллион теңгеден асқан.

«Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, гранттар, субсидиялар немесе несиелер алған кезде орын алған мұндай жағдайлар туралы хабарлауға шақырды», делінген хабарламада.