Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Байқау ұлттық фортепиано мектебін дамытып, дарынды жас музыканттарды қолдауға, сондай-ақ классикалық және академиялық музыканы, отандық композиторлардың музыкасын және фортепианода орындау шеберлігін дәріптеуге бағытталған.
Ұйымдастырушылар қатысушылардың орындау шеберлігін арттыру, олардың кәсіби дамуына үлес қосу және халықаралық жобаларға дайындық жасау секілді міндеттерді алға қояды. Сонымен қатар, іс-шара барысында тәрбиешілер мен оқушылар арасында тәжірибе алмасуға да жағдай жасалған.
Байқауға Қазақстанның мәдениет және өнер саласы бойынша білім беру ұйымдарында «Фортепиано» мамандығында оқитын 7 жастан 18 жасқа дейінгі жас пианистер қатыса алады. Байқау төрт жас категориясы бойынша өтеді. Атап айтсақ, 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас және 16-18 жас аралығындағы өнерпаздар.
Айта кетейік, алдыңғы «Astana Piano Passion» конкурстарының Гран-при жəне бірінші орын иегерлері бұл додаға сол жас категориясында қатыса алмайды.
Байқаудың бірінші күні «С» санатындағы қатысушылардың жеребесі мен тыңдалымы және ҚР еңбек сіңірген әртісі А. Тебенихиннің шеберлік сыныбы өтті. Конкурстың онлайн-трансляциясын ҚазҰӨУ YouTube-арнасынан тамашалауға болады.
Қосымша ақпаратты www.pianopassion.kz сайтынан көре аласыздар.