Оқиға • 10 Желтоқсан, 2024

ANTIKOR-дың бұрынғы қызметкері ұсталды

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ANTIKOR-дың бұрынғы қызметкері ұсталды

Фото: ratel.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы бойынша аумақтық департамент басшысының бұрынғы орынбасары Д. Қожабаевқа қатысты қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бірінің директорынан қылмыстық жауаптылықтан босатқаны үшін пара алды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Айта кетейік, Қожабаев тергеуден қашып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланған еді.

«Осы жылдың 30 қарашасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұстап, тергеу изоляторына қамады», делінген хабарламада.

Тергеу әлі де жалғасып жатыр.