Ілияс Есенберлин атындағы аудандық орталық кітапхананың рухани құндылықтар шуағын шашқанына 100 жыл толып отыр. Осынау білім ордасына аты берілген дарабоз жазушының биыл ғасыр тойын атап өтетініміз Атбасардағы оқиғаның танымдық салмағын еселей түсуде.
Атбасар уезіндегі оқу дүңгіршегі 1914 жылы ашылған болатын. Оның бастапқы кітап қоры орыс тіліндегі 950 және мұсылман әдебиетіндегі 120 дана кітаптан тұрды. Уақыт озған сайын кітапхананың материалдық-техникалық базасы нығайып, мәртебесі де өзгеріп отырды. Мұнда мекемені әр жылдары басқарған Вера Дудкова, Надежда Любащенко, Нина Кравец, Фрида Пиннекер, Рашида Журканова, Октябрина Пактың ұйымдастырушылық еңбегі орасан.
Мекеме 1986 жылы жалпы аумағы 2047 шаршы метрлік жаңа ғимаратқа көшірілді. Ол аудандағы ағарту, ғылыми көпшілік, мәдени шаралардың ордасына айналды. Бүгінгі күні кітапхана 43 атаудағы мерзімді басылымдарды жаздырып алады. Мұнда оннан астам мүдделер бойынша клуб жұмыс істейді. Білім ошағының интернет желісіне қосылуы қызмет өрісін кеңейтіп отыр. Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері Атбасар қаласы мен Октябрь және Мариновка ауылдарындағы қуыршақ театрларының ашылуына ұйытқы болды.
Аудандық мәдениет үйіндегі салтанатқа жиналған қауым алғашқы кітапханашы Ғазиз Омаровтың, Қазақ КСР құрметті кітапханашысы Еркін Ғапбасовтың, Атбасар ауданының Құрметті азаматы Клара Әмірованың, тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушы Борис Маевскийдің және басқа айтулы азаматтардың өнегелі еңбек жолынан мағлұмат алды. Еңбек майталмандарына сый-сауғалар жасалды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы,
Атбасар ауданы.
Суретте: кітапхана ұжымы.

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56