Тағайындау • 11 Желтоқсан, 2024

Өскеменге жаңа әкім тағайындалды

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алмат Талғатұлы Ақышов Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменге жаңа әкім тағайындалды

фото: ШҚО әкімдігі

Алмат Ақышов Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Еңбек жолын Өскемен қаласынан бастаған. Жаңа әкімнің 14 жылдық еңбек өтілі бар, оның 12 жылын мемлекеттік қызметке арнаған.

Ақышов осы жылдары туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында, Ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет атқарды, Ұлан аудандық аппаратының басшысы, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды, сонымен қатар энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. Соңғы екі жылда Күршім ауданының әкімі қызметін атқарды. Аймақтарды дамыту магистрі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Аймақ басшысы жаңа әкімге қаланы дамытудың жол картасын әзірлеп, таныстыруды тапсырды, оның ішінде: экологиялық мәселелерді шешу, көшелерді жарықтандыруды жаңғырту, экономикадағы, құрылыс пен абаттандырудағы негізгі жобаларды аяқтау, қаланың туристік тартымдылығын арттыру үшін кәсіпкерлік нысандарының бірыңғай жобалық кодексін енгізу.

Естеріңізге сала кетейік, Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 27 қарашада өкілеттігінің аяқталуына байланысты қызметінен кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025