Фото: Астана қаласы әкімдігі
Мұндай аймақтарда мұз айдындары, слайдтар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақтар жасалып, шыршалар безендіріледі.
Сарыарқа ауданында 12 сырғанақ пен 4 мұз айдынын жабдықтау жоспарланып отыр. Қалалық алаңда үлкен сырғанақ пен мұз айдыны, сондай-ақ мерекелік фотосурет түсіруге арналған қолайлы тақырыптық фотоаймақтар мен табиғи шырша орнатылады.
Ал Бөгенбай батыр даңғылы, 43 бойындағы саябақта табиғи шырша маңында орналасқан отбасылық мұз айдыны іске қосылмақ.
«Көктал» саябағында түрлі жастағы адамдарға арналған екі сырғанақ, сонымен қатар жаппай сырғанауға арналған үлкен мұз айдыны жасақталады.
Есіл өзенінің жағалауын да түрлі деңгейдегі 8 сырғанақ және өзеннің үстіндегі мұз айдыны келушілерді күтеді.
А.Герцен және Оқжетпес көшелерінің қиылысында қысқы демалысты көңілді өткізу үшін сырғанақтардың бірін орнату жоспарланған.
Байқоңыр ауданында негізгі ойын-сауық орындары мына мекенжайларда орналасады:
«Жастар» сарайы (Республика даңғылы, 34) аумағында мұз айдынын, сырғанақ жабдықтау және жаңа жылдық шырша орнату жоспарланып отыр.
Ж.Тәшенов көшесіндегі К.Ататүрік атындағы саябақта мұз айдыны мен сырғанақ орнатылады.
«Жазушылар аллеясы» (Абай даңғылы) – осы учаскеде сырғанақ жабдықтау, шыршалар, жаңа жылдық инсталляциялар мен шағын архитектуралық нысандар орнату жоспарланған.
Өндіріс елді мекені (Ақбидай мен Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысы) – мұнда мұз айдыны мен сырғанақ орнатылады.
Кирпичный елді мекені (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы) – мұз айдыны мен сырғанақ ашылады.
Қазқалашық елді мекені (Досмұхамедұлы көшесі, 6) – биіктігі 2 метр сырғанақ, 6 метрлік шырша безендіріледі.
«СМП» елді мекені (Кеншілер көшесі 5, 126-көше) – биіктігі 2 метр сырғанақ және 6 метрлік шырша орнатылады. Дәл осындай сырғанақ 126-шы көшеде орнатылады.
Қоянды саяжай алабы (Алаш тасжолы) – мұнда биіктігі 4 метр сырғанақ, сондай-ақ бес метрлік шырша орнатылады.
Сонымен қатар Целинный шағын ауданындағы Жұбанов көшесі, 3, 3/1, 3/2 аулаларының аумағында үлкен мұз айдыны ашылады. Республика даңғылында және Ж.Тәшенов көшесінде жаңа жылдық жарықтандырулар ілінеді.
Есіл ауданында дәстүрлі түрде ЭКСПО аумағында мұз айдыны, сырғанақтар және шырша орнатылады. Сондай-ақ сырғанақ Пригородный елді мекенінде де ашылады.
Жаңа жылдық шыршалар мына орындарды безендіріледі: Түркістан көшесі жағындағы Ботаникалық бақ, Қабанбай батыр даңғылындағы көпір астындағы алаң, Пригородный елді мекенінде (Арнасай-Жаңадария көшелерінің қиылысы) және Достық көшесі мен Нұржол бульварының қиылысындағы жаңа алаң.
Әкімдіктің мәліметінше, биыл шыршалар алты негізгі орында безендіріледі.
Алматы және Сарайшық аудандарында мына орындар жабдықталады:
Қазақ елі монументінің алаңында 2 мұз айдыны, сырғанақ және жаңа жылдық шырша ашылады. Алаңның аумағы шағын архитектуралық нысандармен, жарық-люминациялық паннолармен безендірілетін болады.
Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайының жанында слайдтар, шыршалар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақ және мұз айдыны орнатылады.
Триатлон саябағында мұз айдыны мен сырғанақ ашу жоспарланып отыр.
«Sana Sport» спорт кешенінің аумағында мұз айдыны, шырша және шағын архитектуралық нысандар орнатылады.
Тағы 4 сырғанақ Теміржолшылар, Өнеркәсіп, Интернациональный және Күйгенжар тұрғын алаптарында пайда болады.
Нұра ауданында арнайы тақырыптағы шағын сәулет нысандары орнатылады, фотоаймақтар безендіріліп, жеті сырғанақ пен жеті мұз айдыны ашылады.
14 желтоқсанда сағат мұнарасынан (Тұран даңғылының жағындағы орталық саябақтың аумағы) басталатын 290 метрлік желілік мұз айдыны ашылады. Мұз айдынының өзінен бөлек, саябақта шырша мен тақырыптық қондырғылар, сондай-ақ жәрмеңкелерге арналған сауда павильондары ашылады.
«Астана-Арена» стадионының маңында екі мұз айдыны мен бір сырғанақ орнатылады. Сол сияқты үлкен мұз айдыны мен сырғанақ «Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінің жанында ашылады. Жағалау скверінде сырғанақ орналасады, Үркер елді мекенінде сырғанақ пен мұз айдыны салынады. Бұдан бөлек, Ғашықтар саябағының аумағында, «Зеленый квартал» ТК жанында және Қабанбай батыр даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қиылысында жаңа жылдық фотоаймақтар ашылады.
Сырғанақтар мен мұз айдындары қыс біткенге дейін келушілерге қызмет көрсетеді.