Фото: Ашық дереккөз
Денесін күйік шалған 10 жастағы мектеп оқушысы жансақтау бөліміне түскен. Баланың айтуынша, футбол ойнап жатқанда доп жылу трассасына түсіп кеткен. Оны шығаруға әрекеттенген бала жылу трассасына құлап, күйік алған.
«Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», делінген хабарламада.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, баланың денесінің 20 пайызын күйік шалған.