Фото: Астана қаласы әкімдігі
Тазалық акциясына студенттер де белсене араласты. Іс-шара барысында алдыңғы топ өкілдері жас ізденушілерге Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді.
«Бұл сенбілік – экология мәселелеріне қоғамның назарын аударумен қатар, жастарға ұлттық мәдениет пен әдеби мұра туралы маңызды ақпаратты жеткізетін іс-шара. Әрі «Таза Қазақстан» деген сөз ол жай экологиялық ортаның тазалығы емес, ол жан дүниенің, тілдің, рухтың, сананың тазалығын дәріптеуге жол ашқаны дұрыс. Әркім тазалықты өзінен бастайды деп айтып жүрміз. Ендеше адамдар сол тазалықты тілінен, әдеп-иба мінезінен бастаса, онда нағыз «Таза Қазақстан» болар едік. Елімізді қоқыс пен қардан ғана емес, жемқорлық пен парақорлықтан, әділетсіздіктен де тазартсақ, сонда біздің басты миссиямыздың орындалғаны болар еді», деді жазушы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Толымбек Әбдірайым.
Қалалық әкімдік «Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы жалғасып жатқанын мәлім етті.
Экоакция шеңберінде шаһарда қаланы, арық, кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.