Әкімдіктің мәліметінше, бұл әсерлі оқиға ел бірлігі мен патриотизмнің символына айналып, әртүрлі жастағы көрермендерді біріктірді.
«Бұл жарқын әрі шабыттандыратын сәт қатысушылардың жүрегінде ұзақ уақыт есте қалады. Елімізге деген мақтаныш пен ортақ қуаныш іс-шараға ерекше көңіл-күй сыйлады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар елордада Тәуелсіздік күні құрметіне орай қаланың орталық көшелеріндегі LED-экрандарда, «ҚТЖ» ғимаратының, ЭКСПО кешенінің медиафасадтарында және «Шолу дөңгелегінде» Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленді.