Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2024

Ауылда 70 адамдық монша ашылды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының орталығында қоғамдық монша бой көтерді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылған әлеуметтік нысан күніне 70 адамға қызмет көрсете алады.

Ауылда 70 адамдық монша ашылды

Жаңа құрылысқа жас кәсіпкер Ғабит Қайнеденов 100 млн теңге қаражат жұмсапты. Аптасына 6 күн келушілерді қабылдайтын қоғамдық моншада 8 адам жұмыспен қамтылған. Мұнда шомылам деушілерге барлық жағдай жасалған. Моншадан шыққан соң демалып, шай ішетін де орыны даяр.

«Ауылымызда көп жылдан бері көпшілік монша жоқ еді. Осыдан бір жарым жыл бұрын бауырымыз екеуміз ақылдасып, осы құрылысты бастаған едік. Еліміз үшін ұлық мереке қарсаңында ісімізді аяқтап, халыққа жаңа қызмет ұсынып отырмыз. Ауылдастарымыздың көңілінен шығады деп ойлаймыз», дейді Ғабит Қайнеденов.

Ауыл үшін маңызды жаңа әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин арнайы келіп, моншаның жұмысымен танысты. Елге керек кәсіпті игеріп, халыққа ұсынып отырған жас кәсіпкерге сәттілік тіледі.

Қ.Құттымұратұлы

Қ.Құттымұратұлы

Қ.Құттымұратұлы

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Қоныстой берекесі

Қоғам • Бүгін, 11:23

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:07

Қала мен дала қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 11:00