Фото:eurasia-assembly.org
Байқау отандық отбасыларды салауатты өмір салтын ұстанатын нағыз белсенді болуға шабыттандыруға, денсаулықты сақтауды бүкіл отбасы үшін қызықты іс-әрекетке айналдыруға арналған.
Төрт тақырыптық кезеңге бөлінген байқау 2024 жылдың желтоқсанында басталып, 2025 жылдың сәуіріне дейін жалғасады:
- 1-кезең: «Анам, әкем, мен – аспаз отбасы» (желтоқсан 2024 ж.). Қатысушылар фотосуреттерді өздерінің аспаздық хоббилері мен тағамға қатысты отбасылық дәстүрлері туралы айту үшін пайдаланады.
- 2-кезең «Қыс ертегісі» (2024 ж. қаңтар). Қыс - жаттығуға тамаша уақыт! Егер маған сенбесеңіз... Біздің қатысушылар мұны сізге дәлелдеп береді!
- 3-кезең «Менің отбасымның спорттық қалаулары» (2025 ж. ақпан). Футбол, гимнастика, баскетбол. Қатысушылардың отбасында тағы қандай спорттық қалау бар?
- 4-кезең «Табиғатты аялау» (сәуір 2025 ж.). Денсаулыққа қамқорлық - қоршаған ортаға қамқорлық. Біздің қатысушылар сіздерге отбасылық эко-дәстүрлер туралы айтып береді.
«Дұрыс тамақтану – жай ғана теңдестірілген тамақтану емес, ол балаларымыздың болашағын айқындайтын өмір салтының негізі. Аталмыш байқау оқушыларға және олардың отбасыларына шығармашылық процесте бас қоса отырып, өздерінің әдеттерін қайта қарауға мүмкіндік береді. Біз мұндай бастамаларға қатысу – денсаулықты жақсартуға әсер етіп қана қоймай, бірлескен жетістіктер мен іс-шаралардан отбасылардың өміріне қуанышты сәттер сыйлайтынына сенімдіміз», деді Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының үйлестірушісі Татьяна Ежова.
Байқауға Қазақстанның барлық мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары қатыса алады. Байқау жобаның prav-pit.kz сайтында өткізіледі. Әр кезең бойынша жеңімпаздар анықталып, үздік жұмыстарға сыйлықтар табысталып, жобаның ресми арналарында орналастырылады.
«Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» байқауы Қазақстандағы отбасылар үшін өзін-өзі көрсетуге және басқаларды шабыттандыруға тамаша мүмкіндік. Оған қатысу сіздің әдеттеріңіз бен дәстүрлеріңізбен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар отбасылық құндылықтарыңызды өзгелерге паш етуге ықпал етеді. Бұл бастамаларда балалардың өз денсаулығына қамқорлық жасауды ғана емес, сонымен қатар отбасылық әдеттердің қоғам мен табиғатқа қалай әсер ететінін түсінуді үйренуі өте маңызды. Бұл көзқарас бізді қауымдастық ретінде нығайтады және оң өзгерістерге шабыттандырады», деді «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының үйлестірушісі, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының әдіскері Роза Шаяханова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау бүкіл Қазақстан бойынша мыңдаған отбасыларды өмір салтына оң өзгерістер енгізуге шабыттандыратын жарқын оқиға болады.
Қосымша ақпарат пен байқау ережелері prav-pit.kz сайтында жарияланған.