Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2024

Бекет ата кешеніне автобус қатынайды

28 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бекет атаға зиярат етіп барушыларға көлік қатынасы қиындық тудырып жүрген еді. Қымбат бағаға көлік жалдап бармаса, басқа мүмкіндік жоқ болатын. Енді Маңғыстау облысында «Ақтау – Бекет ата – Ақтау» бағытында жаңа маршруттық автобустар қатынайтын болды. Маршруттың тұсауын кесіп, алғашқы жолаушыларды шығарып салу шарасы салтанатты жағдайда өтті.

Бекет ата кешеніне автобус қатынайды

«Бүгін қасиетті мекенге апаратын жаңа туристік мар­шрутты іске қосып отырмыз. Бекет ата мешіті – рухани құн­ды­лықтарымыздың алтын қа­зығы. Бұл жоба Маңғыстау өңі­рінде тарихи-мәдени туризмді дамытуға және қасиетті мекендерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған. Баршаңызға сәтті сапар тілеймін!» деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

впр

Жолаушыларды тасымалдау үшін сыйымдылығы 51 орындық, жайлы және заманауи Yutong маркілі автобустар пайдаланылады. Автобустарда сапардың ұзақтығын ескере отырып, санитарлық торап (дәретхана) қарастырылған. Жаңа бағыт аясында қоғамдық көліктер аптасына жеті күн бойы үздіксіз қызмет көрсетеді және билет бағасы да қолайлы, яғни билет құны ересектер үшін бір бағытқа – 1500 теңге, ал 7–18 жас аралығындағы балаларға – 750 теңге. Бұл жеке көлік жалдағаннан әлдеқайда жеңіл баға екені қуантады. Жолау­шылар тасымалын ұйымдас­тыру­шы – «Caspian Trans Corporation» ЖШС-на тұрғындар разылығы зор.

 

Маңғыстау облысы