Фотолар: ТЖМ
Вахтовка және «Трэкол» жол талғамайтын көліктерінің көмегімен құтқарушылар Ырғайты учаскесінде 1 жеңіл көлік пен 30 жүк көлігінен 40-тан астам адамды Үшарал қаласына жеткізген. Арасында 28 шетелдік болған, олар Беларусь, ҚХР, Әзербайжан, Ресей азаматтары. Ешкім медициналық көмекті қажет етпеген.
Бұдан бөлек, Ырғайты мен Жалаңашкөл арасында 26 жүк көлігі жүргізушілері Көктұма ауылына эвакуацияланып, оларға жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақ ұйымдастырған.
Тағы бір ірі құтқару операциясы жүргізілді. Достық станциясындағы №10 өрт сөндіру бөлімінің күшімен 2 жеңіл және 19 жүк көлігінен 69 адам, оның ішінде Алакөл шекара басқармасының 20 әскери қызметкері эвакуацияланған. Зардап шеккендер Достық станциясына жеткізілді.
ТЖМ азаматтарды дауылды ескертулерге назар аударуға және ауа райы күрт нашарлаған жағдайда сапарға шықпауға шақырады.