01 Мамыр, 2015

Жақсы жобаларға жол ашық

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
0001-234Президент жанындағы Орталық коммуникация­лар қызметінде «Назарбаев Университеті» ААҚ инно­вациялар жөніндегі вице-президенті Қанат Бай­ғариннің қатысуымен: «Назарбаев Универ­­­ситетін­дегі ғылыми және инновациялық жобалар» тақы­ры­бында брифинг болып өтті. Аталмыш брифингте отандық өнімдерді қолдау, дамыту және жаңа жо­баларды жүзеге асыру туралы әңгіме кеңінен өрбіді. Естеріңізге сала кетсек, осыдан 5 жыл бұрын Президенттің тапсырмасымен «Astana Business Campus» ғылыми паркінің жобасы жолға қойылып, өз жұмысын бастаған болатын. Осыған орай, Қанат Әбдуәлиұлы жоба қарсаңында жасалынып жатқан жұмыстармен таныстырып шықты. «Қазіргі таңда бізде, яғни Назарбаев Универ­ситетінде 200-ге тарта ғылыми жоба бар. Олардың арасынан коммерциялық жобаларды іріктей отырып 30-35 ғылыми жұмысты ғана таңдап алдық. Оны жан-жақты сараптамадан өткізіп,  қалған 17 жоба тағы да таразыланып, тек 7-і талапқа сай деп танылды», – деді вице-президент. Сондай-ақ, «Astana Business Campus» ғылыми паркінде алдағы уақытта 8 мыңға тарта мамандар қызмет ететіндігі белгілі болды. Олардың негізгі бөлігі Назарбаев Университетін бітіруші түлек­тері­нің еншісіне тимек. Мұнан бөлек, халық­аралық «Болашақ» және жуырда қолға алынған «Талап» бағдарламаларымен оқуын тәмамдаған мамандар ғана жұмысқа ықылас таныта алады. Сағым МАТҚАЛИ.