Фото: gov.kz
Жетісу облысының арнайы прокурорлары Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторына қатысты істі соңына жеткізді.
Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Сот полиция қызметкерін ҚР ҚК-нің 362-бабына сәйкес (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі күшіне енді.