Мектеп • Бүгін, 11:35

Биыл 600 мектеп асханасы модернизациядан өткен

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған 600 мектепте 200 мыңнан астам оқушы білім алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 600 мектеп асханасы модернизациядан өткен

Фото: Oqu-agartu ministrligi

«Мемлекет жыл сайын мектептерді модернизациялауға қаражат бөліп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектепті негізгі жеті бағыт бойынша модернизациялау жүргізіліп жатыр. Оның ішінде мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пәндік кабинеттер сатып алынып, жиһаздары, кітапханалары жаңартылып, қауіпсіздік жағдайлары жақсартылып жатыр», деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, биыл қыркүйектен бастап 1,7 млн мектеп оқушысы үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылған. Сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында министрлік 7 нормативті-құқықтық актіні қайта қарады. Оның ішінде ас мәзірін өңірде шығарылатын отандық өнімді қосып әзірлеу жөніндегі норма енгізілді. Бракеражды комиссиялар құрылып, оның құрамына ата-аналар, қоғам белсенділері, мектеп әкімшілігі, медициналық қызметкерлер кірді. Бракеражды комиссиялар үшін мониторингтік топтардың қызмет тәртібі туралы нормалар заң жүзінде бекітілді.

Айта кетсек, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыру нормалары қайта қаралып, жаңа тамақтандыру стандарты әзірленді. Ол 2025 жылы жүзеге асырылады.