Айбын • Бүгін, 08:38

Армия айбынын асқақтатқандар

16 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Астанада қызметте үздік нәтиже көрсеткен Қарулы күштердегі жауынгерлік жарыс жеңімпаздары Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың қолынан марапатқа ие болды.

Армия айбынын асқақтатқандар

Жыл сайынғы «Әскер тарланы» бай­қауы әскери қыз­мет­шілердің шеберлігін жетіл­діруге, жауынгерлік тәжірибені тара­туға және армияның имиджін арт­тыру­ға бағытталған. Марапаттау рәсі­мін­де генерал-полковник Руслан Жақ­сылы­қов Қарулы күштер үшін 2024 жыл көп­теген маңызды оқиғамен ерек­ше­лен­генін мәлімдеді. Олардың қата­рын­да министр БҰҰ-ның бітімгерлік мис­­сиясын өз бетінше орналастыруға және орындауға мандат алуын, сондай-ақ әске­ри қызметшілердің көктемгі су тас­қы­­­­­ны­­­на қарсы күреске қатысуын атап өтті.

– Бүгін біз дәстүрлі «Әскер тарланы» байқауының қорытындысы бойын­ша үздік мамандарды марапаттап отырмыз. Әскери шеберлік флагмандарын бағалау кезінде жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша ай сайынғы сабақтардың нәтижелері, бақылау және қорытынды тексерулердің қорытындыла­ры, оқу-жаттығуларға, түрлі конкурстарға қатысу, әскери тәртіп және моральдық-іскерлік қасиеттері ескерілді, – деді Қорғаныс министрі.

Жарыс қорытындысы бойынша Де­санттық-шабуылдау әскерлері коман­далық пунктінің қызмет бастығы подполковник Нұржан Құлманжанов «Үздік жедел кезекші» атанды. Аталған офицер жүктелген тапсырмаларды орындауға жауаптылығымен өз ісінің үздігі деп танылып отыр.

ап

27943 әскери бөлімі барлау ротасының бөлімше командирі сержант Руслан Мақсұт «Жауынгерлік машинаның үздік командирі» атанды. Ол басқарған экипаж «Айбалта-2024», «Достарым-2023» оқу-жаттығуларында үйлесімді әрі нәтижелі қимыл жасай алды.

Ал «Артиллериялық есептоптың үздік командирі» атағына 28738 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға сержант Еркебұлан Тілеукен ие болды. Ол басқарған әскери бөлімше атыс кезінде әрқашан жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

31775 әскери бөлімі жаяу әскер жауынгерлік машинасының механигі сержант Дидар Мусин «Темір тұлпар жүргізуші» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Екі жақты штабтық оқу-жатты­ғуда ол жауынгерлік машинаны мінсіз ұстағаны және мотоатқыштар батальо­ны­ның құрамында тапсырмалар­ды сауат­ты орындағаны үшін ерекше атап өтілді.

Республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларда ерекшеленген 44736 әскери бөлімінің аға барлаушы-атқышы ефрей­тор Ерасыл Тілеуханов «Мерген» аталымын иеленді.

пр

50185 әскери бөлімі авиациялық буы­нының ұшқыш-штурманы лейтенант Нұрболат Молдабек жауынгерлік дайындықтағы үздік көрсеткіштері үшін «Көк қыраны» аталымының иегері болды. Жас ұшқыштар арасында экипаж командирі Н.Молдабек бірінші болып Су-30 СМ ұшағын өз бетінше басқару құқығына ие болған.

Еліміздің әуе шебін қорғауды ұйым­дас­тыруда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 31767 әскери бөлімі коман­дирінің орынбасары майор Евгений Спижарский «Аспан қорғаны» атағының жеңімпазы атанды.

Армия халықаралық ойындары­ның «Теңіз кубогі» конкурсына және «Бір­лестік-2024» халықаралық жедел-так­тика­лық командалық-штабтық оқу-жат­тығуы­на белсенді қатысқаны үшін 21814 әскери бөлімі «Орал» зымыран-артил­лериялық кемесінің командирі ІІІ дә­режелі капитан Шахрух Абдуразаков «Теңіз тарланы» аталымының жеңімпазы деп танылды.

22750 әскери бөлімінің қару-жарақ жөніндегі маманы аға лейтенант Ақжол Молдақаш «Жаужүрек» аталымының жеңімпазы атанды. Қорғаныс министрлігі командасының құрамында ол 100 Sarbaz әскери-патриоттық реалити-жобасында бірінші орынға ие болды, онда ол тек күш-қуат жағынан ғана емес, сонымен қатар рухтың күшін де көрсете білді.

Үздіктер қатарында жөндеу цехы­ның технигі 3-сыныпты сержант Ералы Әй­некбаев, госпиталь медбикесі 2-сыныпты сержант Аймира Шалабаева, әскери-спорт кешенінің көпсайыс және әскери үшсайыс бойынша Қарулы күш­тер спартакиадасының чемпионы аға сержант Асылбек Қарабай, Бітім­герлік операциялар орталығының нұсқау­шысы 2-сыныпты сержант Дінмұ­хамед Байдуллаев, Қасым Қайсенов атын­дағы механикаланды­рыл­ған бригада коман­д­и­рінің тәрбие және идео­ло­гиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Азамат Жұмағазиев бар.

Жарыс жеңімпаздарының сапында Қарасай батыр атындағы оқу орталығы­ның взвод командирі 2-сыныпты сержант Марат Тоғызбаев «Үлгілі отбасы» аталымын иеленді. Ерлі-зайыптылар бүгінде үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

Әскери жарыстың жеңімпаздары қатарында 3-сыныпты сержант Дархан Аслан, оқытушы полковник Кирилл Лож­кин, байланысшы сержант Алмаз Тәш­кен­баев, сапер-маман кіші сержант Мұха­медияр Бөтенбаев, әскери полиция майоры Ержан Диханбаев, барлау бөлімшесінің командирі 3-сыныпты сержант Думан Қожанов, заңгер әділет полковнигі Вячеслав Краснов, аға лейтенант Жеңісбек Данебеков және подполковник Назар Бозабаевтар да бар.