Фото: shutterstock.com
Жыл басынан бері Ювеналды полиция қызметкерлері мен оқушылар арасында 94 мың кездесу ұйымдастырылған.
Жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту бағытында маңызды міндеттердің бірі интернеттегі заңға қайшы контентпен күресу. Биыл зорлық-зомбылық пен суицидті насихаттайтын 127 сайтты қосқанда, 35 мыңнан астам заңсыз ресурстар анықталған. Мұндай қауіпке қарсы белсенді әрекет ету олардың заңсыз әрекеттерге қатысу қаупін азайтуға ықпал етеді.
Үкіметтің мәліметінше, мұндай шаралар қазірдің өзінде нәтиже беріп жатыр. Жасөспірімдер қылмысы 6%-ға төмендеген. Оның ішінде кісі өлтіру дерегі - 29%, ұрлық - 19% және тонау -15% азайған.