Қоғам • Бүгін, 14:35

Еліміз көлік қозғалысы бойынша рейтингте 46-орынға тұрақтады

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жол қозғалысы бойынша елдердің рейтингінде Қазақстан 87 елдің ішінде 46-шы орынға тұрақтады, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom сарапшыларына сілтеме жасап.

Еліміз көлік қозғалысы бойынша рейтингте 46-орынға тұрақтады

Фото: Ашық дереккөз

Биыл еліміздің индексі 135,8 болды. Бір жыл бұрын Қазақстан 136,7 индексімен әлемдегі 85 елдің ішінде 44-орында болған.

Мамандардың айтуынша, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында әрбір ел азаматы бір жақты сапарға 35,6 минут жұмсаса, СО2 шығарындылары шамамен 2 кг құраған. Елдің көлік жүйесінің тиімсіздігі индексі 144,2 балл деңгейінде бағаланған.

Жол қозғалысы индексінде Нигерия, Коста-Рика және Бангладеш ең нашар елдер болса, Эстония, Австрия және Финляндия үздік деп танылған. ТМД елдерінің ішінде Ресей, Әзербайжан және Украина Қазақстан Республикасынан жоғары, ал Беларусь пен Армения төменде орналасқан.

Айта кетейік, есеп бойынша оңтүстік астананың көлік қозғалысы индексі 156,7 құраған. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда орташа есеппен адамдар бір бағытқа 39,7 минут жол жүріп, осы уақыт ішінде 2,1 кг СО2 шығарылған. Тиімсіздік индексі 176,6 баллды құрады. Салыстырмалы түрде 200 қаланың ішінде Алматы 85-ші орында болған.