Ағымдағы жылдың 18 маусымында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен “ҚазТрансГаз” компаниялар тобының бас директоры Серік Сұлтанғалиев Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ол стратегиялық серіктестікті орнатуды және ұзақ мерзімді, тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастықты дамытуды, сондай-ақ “2015 жылға дейінгі перспективамен 2007-2010 жылдарға Жамбыл облысына газ берудің кешенді бағдарламаларын” іске асыруды көздейді.
Меморандумға сәйкес, тараптар 5.0 млрд. теңгеден асатын сомаға Жамбыл облысының шамамен 140 елді мекеніне газ беруді жалғастыру ниеті, газ беруді қаржыландыруды қолданыстағы газ тарату желілерін республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, тартылған инвестициялар мен басқа да көздерден жаңарту мен қайта құру бойынша жобаларды қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануға келісті. Соған қоса, заңнамада белгіленген тәртіпте тараптар “ҚазТрансГаз” АҚ-тың кейіннен пайдалануы үшін газ берудің жаңадан салынған нысандарын беру туралы, 2030 жылға дейін өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларын ескеріп, компанияның облыс тұтынушыларының газды тұтынуы болжамын әзірлеуі мен беруі туралы уағдаласты.
“ҚазТрансГаз” АҚ өз қаражаты есебінен немесе облыстың қолданыстағы газ тарату желілерін жаңарту мен қайта құру бағдарламаларының тартылған қаражаты есебінен қосымша қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады. Компания шығындарды кейіннен өтеу механизмін ескеріп өз қаражаты немесе тартылған қаражаттар есебінен кентаралық әкелетін газ құбырларын салуды да ұйымдастырады және 2010 жылдың 2-жартысында тарату газ құбырларына диагностика жасау және қолданыстағы тарату желілерін жаңарту мен қайта құру ТЭН әзірлеу мүмкіндігін қарастырады.
“ҚазТрансГаз” АҚ еншілес ұйымы – Қазақстан Республикасы магистральды газ құбырларының операторы – “Интергаз Орталық Азия” компаниясы осы Меморандумның екі тармағы бойынша уәкілеттенген болып тағайындалды.
Осы тармақтарға сәйкес “Интергаз Орталық Азия” АҚ 2011 жылға дейін Жамбыл облысының бюджетіне “Интергаз Орталық Азия” АҚ Тараз бөлімшесі орналасқан жерде әлеуметтік және кіріс салығын төлеу мәселесін шешу бойынша шара қолданады, сондай-ақ компаниияның табысты тәжірибесі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, “Интергаз Орталық Азия” АҚ 2011 жылы Жамбыл облысын тұрақты газбен қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан-Қытай” магистральды газ құбырын “Бұхара газды ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы” магистральды газ құбырымен біріктіретін газ құбырын салуды ұйымдастырады.
“Интергаз Орталық Азия” АҚ бас директоры Серік Естайдың айтуы бойынша, компания республиканың оңтүстік өңірлеріне және атап айтқанда Жамбыл облысына ерекше назар аударады. Сондықтан да компанияның инвестициялық қызметінің ерекше маңызды бағыттарының бірі республика облыстарына газ беруді дамытуға негіз болып табылатын магистральды газ құбырлары жүйесін дамыту болады. Біз таза экономикалық маңызына қарағанда, зор әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырамыз, – деп атап өтті С.Естай.