Фото: First News Media
Ұлттық азаматтық қорғаныстың хабарлауынша, апат ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткен соң болған. Ұшақ алдымен ғимараттың мұржасына, кейін үйге, соңында жиһаз дүкеніне соқтығысқан.
Рио-Гранди-ду-Сул штатының азаматтық қорғанысының мәліметінше, кем дегенде 17 адам зардап шеккен. Олардың көпшілігі түтінді жұтып, ауруханаға жатқызылған.
Рио-Гранде-ду-Сул губернаторы Эдуардо Лейте ұшақ бортындағы 10 адамның барлығы қаза тапқанын мәлімдеген. Мемлекеттік азаматтық қорғаныстың хабарлауынша, қаза тапқандардың барлығы бір отбасының мүшелері болған.
Жергілікті билік қайғылы оқиғаның себептерін анықтап жатыр.