Елорда • Бүгін, 08:45

Коммуналдық қызмет күшейтілген режімге көшті

9 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада бірнеше күн төпелеп жауған қар қала тұрғындары мен коммуналдық қызметтің жұмыс­шыларын әбігерге салды. Әсіресе коммуналдық қыз­меттің техникалары күн-түн демей қар құрсауында қалған көшелерді тазалауға шықты.

Коммуналдық қызмет күшейтілген режімге көшті

Толассыз жауған қар­дан кейін елордадағы ком­му­налдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режімде жұмыс істеуге көшті. Мыса­лы, 21 желтоқсанда елордадан 34 мың текше метрден астам қарды жұмысшылар 2 833 рейспен алып шыққан. Ал 22 желтоқсанда коммуналдық қызметтер елордадан 42 мың текше метр қар шығарған. Қар күреуге 2 603 жол жұмысшы мен 1 595 арнайы техника жұ­мылдырылған. Жалпы, қар түскелі қар күрейтін мекеме­нің жұмысшылары полигондар­ға қаладан 105 695 рейс арқылы 1 млн 336 мың текше метрден астам қар шығарыпты. Өз жұмысына әбден машықтан­ған жұмысшылар ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін көлік көп қатынайтын орындарды тазартады. Сондай-ақ қарқындылығы орташа учас­келер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеу­меттік нысандарға кірме жолдар және орындар кезекпен қар құрсауынан босап жатыр. Олар орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда таза­лауға да басымдық берген.

Бүгінде қалада жабдық­талған, қар жинауға қолайлы бірнеше полигон бар екен. Олар самосвал техникасы­ның нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықтал­ған. Яғни полигонға қандай көлік келгенін ажыратады. Полигонда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандырылған. Қала әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарын жолда абай болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, дауылды ескерту бол­ған жағдайда алыс сапарға шықпауға шақырады. Төтен­ше жағдай туындаса, лезде «112» нөміріне хабарласуды ескертеді.

Ақпарат үшін айтар бол­сақ, қар жауған күндері ерік­тілер елорданың Байқоңыр ауданында тұратын қарттар­дың ауласын қардан тазартып жардемдесті. «Таза Қазақ­стан» экологиялық акциясы аясындағы тағы бір іс-шараны Байқоңыр ауданының әкімдігі мен «Астана жастары» жас­тар ресурстық орталығы ұйым­дастырыпты. Осы күні ерік­тілер қарт тұрғындарға жаңа жылға арналған азық-түлік себетін табыс етуді ұмытпаған. Мұнымен қоймай, «Астана жастары» белсенділері қаланы тәулік бойы қардан тазартатын коммуналдық қызмет мамандарына да көмектесіп жүрген көрінеді. Еріктілер тазалықшыларға ыстық шай мен бауырсақ тарату акцияларын бірнеше мәрте өткізген. Негізі қала еріктілері жыл са­йын қыстың қары қалың түс­кен күндері қарап қалмайды. Олар елорданың барлық ауданын­да жалғыз тұратын қарттар мен көпбалалы аналардың аула­ларын тазалап, жиі акциялар ұйымдастырып тұрады. Бір­неше күн үсті-үстіне жау­ған қардан кейін күн-түн демей, күшейтілген режімде кө­ше тазалауға жұмылған жұ­мыс­шыларға, осындайда қол-қусырып отырмаған ерік­тілерге бәрекелді дегеннен басқа айтырымыз жоқ.