Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024

Ақмола облысында әйел адамды пойыз басып кеткен

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысындағы Макинка стансасының теміржолында әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында әйел адамды пойыз басып кеткен

Әлеуметтік желілерде 23 желтоқсанда 36 жастағы әйелдің пойыздың астына құлап кеткені туралы ақпарат тарап жатыр.

«Осы жылдың 23 желтоқсанында сағат 19:00 шамасында Ақмола облысындағы «Макинка» стансасында болған кісі өлімінен кейін Көкшетау стансасындағы желілік полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», деп хабарлады Көліктегі Полиция департаменті. 

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.