Бокс • 24 Желтоқсан, 2024

Теміртас Жүсіпов 8 рет Қазақстан чемпионатының «алтынын» иеленді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда бокстан еліміздің бірінші нөмірлі былғары қолғап шеберлерін анықтайтын біріншіліктің финалдық кезеңі басталды, деп жазады Egemen.kz.

Теміртас Жүсіпов 8 рет Қазақстан чемпионатының «алтынын» иеленді

Фото: olympic.kz

Алғаш болып шаршы алаңға аса жеңіл 48 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар көтерілді. Осы салмақ дәрежесінде бірінші рет 2012 жылы финалға жеткен Теміртас Жүсіпов биыл 8 рет Қазақстан чемпионы атанды. 

Бұған дейін Қазақстан біріншілігінде мұндай нәтиже ешкімде болмағанын атап өткен жөн. 

Тартысты өткен бәсекенің 2 ші раундынан кейін есеп тең болғанмен, тәжірибелі 36 жастағы Теміртас Жүсіпов жеңісті жұлып алды. 

Жас боксшы, Жамбыл облысының намысын қорғаған Нұрзат Оңғаров ел біріншілігінің күміс жүлдесін еншіледі.