01 Мамыр, 2015

Таразда балаларды алып келе жатқан инспектор қаза тапты

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-05-15-DTP-1

АСТАНА. 1 мамыр. Таразда балалардың қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды. Оның салдарынан 27 жастағы полиция инспекторы қаза тапты. Бұл туралы Gazeta.kz  хабарлады. Басылым қапияда мерт болған инспектордың артында әйелі мен баласы қалғанын жазып отыр. Қайғылы оқиға түннің жарымында, жолдың көліктер қаптаған бойында орын алған. Балалар отырған автобустар тізбегін бастап алып келе жатқан машина әзер тоқтап үлгереді. Сол кезде оған кездейсоқ келе қалған «БМВ» автомобилі қатты екпінмен келіп соғады. Ал полицейдің соңынан еріп келе жатқан үш автобуста Талдықорғаннан Таразға келе жатқан көгалдағы хоккей командасының балалары отыр екен. Көліктер сағат түнгі 12 шамасында қалаға кіріп келе жатады. Дәл сол кезде жол-көлік оқиғасы да орын алады. Полиция әзірге болған оқиғаның бүге-шігесін жариялап отырған жоқ. Оқиға орнында 27 жастағы полиция инспекторы бірден тіл тартпай кеткен. Тағы бір полиция қызметкері мен «БМВ» жолаушысы жарақат алып қалған. Көргендердің айтуларынша, шетелдік көліктің жүргізушісі тіпті тоқтауға да әрекет жасамаған. Қазір осы қайғылы оқиғаға себеп болған жүргізуші қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр. «БМВ» көлігінің жүргізушісі жыл басынан бері жолда жүру ережесін бұзғаны үшін екі рет әкімгершілік жауапқа тартылған», - деді Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова. Құрыш Нұрымбет. Дерек, сурет: Gazeta.kz.