Фото: Ашық дереккөз
«20 жастағы ер адамды өлтіру фактісі бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы тәркіленді», деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Әлеуметтік желідегі кейбір ақпарат көздері марқұмның кикбоксшы Әли Серік екенін мәлім еткен. Бірақ, полицейлер марқұмның кім екенін жария етпеген.