Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі
Альбумин, адреналин және ауырсынуды басатын 150 флакон дәрілер автокөлікпен жіберілді. Аталған дәрілер апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағынан зардап шеккендерді емдеу үшін қолданылады.
Ақтөбе облысы әкімдігінің мәлім етуінше дәрілер ертең Ақтаудың медициналық мекемелеріне жеткізіледі. Медициналық препараттарды тасымалдау және сақтау ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Дәрілік заттардың термолабильділігіне байланысты авиатасымалдау арқылы жеткізу мүмкін емес.