Таным • 27 Желтоқсан, 2024

Ғалам ғажаптары: Сақ стиліндегі ақша

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк жаңа 2 000 теңгелік банкноттарды айналымға шы­ғарды.

Ғалам ғажаптары: Сақ стиліндегі ақша

Айта кетейік, бұл – «Сақ стилі» сериясы аясында шыққан үшінші банкнот. Жаңа және ескі үлгідегі банкноттардың айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылдың 25 желтоқсанынан 2026 жылдың 24 маусымына дейінгі аралықты қамтиды.

 

Шыңдағы электр стансасы

па

Қытайда шыңға күн электр стан­сасы салынды. Ол теңіз деңгейі­нен 5 240 метр биікте тұр. Құрылыс­шылар тау басына 200 мыңнан астам панель шығарып бекіткен.

Аумағы 177 футбол алаңындай болатын стансаның қуаты 52 мың халқы бар ауылды жыл бойы тұрақты жарықпен қамтамасыз ете алады. Жоба Тибет ав­то­номдық округінде іске қосылды. «Ең қиы­ны – температура өте суық. Жылына 158 миллион киловат сағат энергия өндіріледі. Бұл бір жылда 47 мың тоннадан астам көмір үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл – үлкен биіктікте жүзеге асқан бірінші жоба», деді күн электр стансасының жоба жетекшісі Ван Чжаньпин.

 

Ерекше кафе

ап

Оңтүстік Кореяда ерекше кафе ашылды. Ерекшелігі сол, дәмха­наның терезесінен қарасаң, жыл бойы жаңбыр жауып тұрғандай әсер қалдырады.

Келушілер ыстық кофе ішіп, терезе алдында көрпеге оранып демалады немесе тегін берілетін плащ пен қолшатырды пайдаланып, ішкі аулада жылы жаңбырдың астында серуендей алады. Кафе атмосферасы демалуға, жайлы уақыт өткізуге арналған, ал жасанды жаңбырдың сиқыры келушілерді тәнті етеді.

Соңғы жаңалықтар