Қазақстан • Кеше

Төтенше жағдай қызметі қаншалықты жаңғырды?

100 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биыл Төтенше жағдайлар жүйе­сінде маңызды реформалар жүр­гізілді. Төтенше жағдайлар минис­трлігі басқарудың жаңа тактикасын және жаңартылған ұйым­­дастырушылық құрылымды енгізді.

Төтенше жағдай қызметі қаншалықты жаңғырды?

Өңірлік бөлімшелер саны 87-ден 28-ге дейін қысқартылып, негізгі қыз­меттер­дің жұмысын күшейтуге мүм­кіндік берді. Цифрландыру бойынша вице-ми­нистр лауазымы енгізілді, сонымен қатар Республикалық жедел штаб жаңғыртылды.

Өртпен күреске ерекше назар аударылып жатыр. 2024 жылы 324 табиғи өрт тіркелді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда (868 өрт) 2,6 есе аз. Қарағанды, Ақмола,  Қостанай облыстарындағы ормандарда өртті ерте анықтау жүйесін енгізу ормандағы өрт аумағын айтарлықтай азайтуға ықпал етті.

Құтқарушылардың жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында техника мен жабдықтарды жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қостанай облысында құтқарушылардың қызметтік киімдерін жақсарту бойынша қанатқақты жоба іске қосылып, оң нәтиже көрсетті. Азаматтық қорғаныстың жаңа әскери бөлімдерін құру, оның ішінде тез құрастырылатын конструкциялардан өрт сөндіру деполарын салу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірінші жоба 2024 жылы Астанада 3,5 ай ішінде іске асырылды.

Сондай-ақ Қазақстанның батыс айма­ғында ТЖ жедел әрекет етуді қамта­масыз ету үшін «Теңіз жасағы» атты жа­сақ құру маңызды қадам болды. Ал­маты, Орал, Өскемен, Қос­танай қала­ларында құт­қару батальондары қайта ор­на­ластырылды. Бұл жедел қамту­ды кеңейтіп, күштер мен құрал­дарды тасы­мал­дауға кететін шығындарды қысқартуға мүмкіндік берді.

Осы жылдан бастап Қазақстан төтен­­ше жағдайларға әрекет ету жүйе­сін жетіл­діруді күшейтті. Биыл «112» Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызме­тінің пультіне халықтан 4,7 миллионнан аса қоңырау түсті. ТЖМ күштерімен 14 мыңнан аса адам құтқарылды, 66,5 мың адам эвакуа­цияланды, 8 мың зардап шеккен адамға медициналық-психологиялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар 83,3 мыңнан аса шұғыл шақыртуға шықты. Мұның 10 мыңы – өрт оқиғасы, 19 мыңға жуығы апаттық-құтқару жұмысы.

Іздеу-құтқару жұмысына, оның ішінде әуе кемелерін қолдануға ерекше назар аударылды. 2024 жылы «Қазавиа­құ­т­қару» АҚ әуе кемелері 2,5 мыңнан аса тапсырыс орындады. Мұның 395-і санитарлық авиация және 356 науқас тасымалданды.

ТЖМ жұмысындағы маңызды бағыт­тардың бірі – төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін дамыту. 2024 жылы су айдындарындағы жағдайды анықтау және бақылау мақсатында геоақпараттық жүйелер мен ұшқышсыз ұшу аппаратта­рын қолдана отырып, мониторинг жүйесін жаңғырту жұмысы жалғас­ты. Сонымен қатар ТЖМ мен ІІМ ведомство­лық желілерін біріктіретін республикалық жедел цифрлық радиобайланыс жүйесі енгізілді. Бұл төтенше жағдайларға жедел және тиімді әрекет ету үшін үйлесімділік деңгейін айтарлықтай арттырды.

Өндірістегі бұзушылықтарды, апаттарды, оқиғаларды және жазатайым жағ­дайларды азайту мақсатында елде 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырым­дамасы бекітілді.

Елдегі сейсмикалық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету мақсатында 2028 жылға дейін сейсмология саласын дамыту бойын­ша кешенді жоспар бекітілді.

Елдің 14 өңірінде су тасқыны кезеңінде 120 мың адам, оның ішінде 354 мүмкін­дігі шектеулі адам және 45 мыңнан аса бала құтқарылып, эвакуацияланды. 2024 жылы елімізде ТЖ саны 2023 жылмен салыс­тырғанда 1,7%-ға азайды, ал зардап шеккендер саны 10,8%-ға төмендеп, 2023 жылғы 1 751 адамнан 2024 жылы 1 562 адамға дейін қысқарды.