Оқиға • Кеше

Алматы маңында жер сілкінді

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 желтоқсанда таңертең қазақстандық сейсмологтар Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы маңында жер сілкінді

Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі 27 желтоқсан күні таңғы сағат 7:34-те тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан», деп хабарлады сейсмологтар.

Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.