фото: ТЖМ
Бразилия әскери әуе күштерінің тергеушілері Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты Қазақстан билігінің жүргізіп жатқан тергеуіне техникалық қолдау көрсетпек.
25 желтоқсанда «Az Airlines» авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша «ҚР ҚК екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көлік құралын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғаны хабарланған еді.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтауда Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Оның ішінде Қазақстанның 6 азаматы бар.