Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Биыл жасөспірімдер арасындағы теннистен үздіктер қатарынан көрінген 11 жасар Жәния Бекмұхамбетова Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano үстел теннисінен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді. Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынды иеленген еді.
Классикалық шахматтан оқушылар арасында Перу астанасы Лимада 2024 жылғы әлем чемпионаты өтті. Астаналық Айару Алтынбек 13 жасқа дейінгі оқушылар арасында алтын медальді жеңіп алды. Елордадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің оқушысы жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Египетте 1-8 қыркүйек аралығында информатикадан IOI-2024 халықаралық Олимпиадасы өтті. Оған 90 елден 350 оқушы қатысты. Қазақстан құрамасының қатарында:
Максим Цой – Алматы қ. РФММ 10 сынып оқушысы;
Ахмет Иса – С. Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» Қызылорда облыстық лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
Назар Серазитдинов – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы;
Мансұр Таймас – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы бар.
Бұл жетістікпен қазақ оқушылары биылғы жеті беделді халықаралық Олимпиадаларға қатысуын қорытындылайды. Біздің құрама командалар IMO (математика), IPhO (физика), IBO (биология), IChO (химия), IOL (лингвистика), IGeO (география) және IOI (информатика) қатысып, нәтижесінде 26 медаль және 1 грамотаға ие болды.
Биыл Сауд Арабиясында IChO-2024 (International Chemistry Olympiad дүниежүзілік ең беделді топ-7 Олимпиадалардың қатарына кіреді) химиядан 56-ші халықаралық Олимпиада өтті. Бұл жарыстан біздің барлық оқушымыз жүлделі орындарды иеленді. Біздің құрамамыз үшінші жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп келеді, биыл жас химиктеріміз қос алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% нәтиже көрсетті.
Ринат Илюсизов — Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;
Кирилл Ким — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;
Абылай Кабдулхадыр — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;
Әділжан Молдағұл —Ақтау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Сондай-ақ Ұлыбританияда өткен 65-ші Халықаралық математика Олимпиадасында Қазақстан құрама командасының қоржыны бес медальмен толыққан еді. Қазақстан командасының құрамы:
2-орын: Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
2-орын: Амирлан Аманжолов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
2-орын: Мирон Юркевич – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
3-орын: Жан Даутов – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
3-орын: Владимир Роговский – Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы.
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Дінмұхамед Егеубаев мақтау грамотасына ие болды. Айта кетейік, IMO математикадан Халықаралық Олимпиада әлемдік топ-7 Олимпиадалардың (IPHO, IBO, IOI, IChO, IGeO IOL) қатарына кіреді.
Тағы бір бәсі биік байқаулардың бірі - Грекияда өткен FIRST Global Challenge чемпионатында еліміздің жас ғалымдары өздерінің білімпаздығын дәлелдеген еді. Қазақстан оқушылары бірнеше бағыт бойынша көш бастап қана қоймай, 190 елдің арасынан басты жүлдені жеңіп алып, рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Осылайша, Қазақстан құрамасы үшінші жыл қатарынан өзінің чемпиондық титулын дәлелдеп келеді. Ел құрамына Алматы қаласының ФМБ НЗМ-нің оқушылары: Ердәулет Түргенбаев, Әлфия Байжақып, Нұржан Көкеев, Досжан Дайран және Қадылбек Дастан болды.
Сонымен қатар Қазақстан оқушылары Иранның Исфахан қаласында өткен IPHO-2024 54-ші Халықаралық физика Олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды. Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% көрсеткішке қол жеткізді.
Марғұлан Нұрсағатов — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
Досжан Бисимби — Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Артур Ким — Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Әмір Пшенбаев — Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек — Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.
2024 жылдың 7-14 шілде аралығында Астанада IBO-2024 биологиядан 35-ші Халықаралық олимпиада өтті. Бұл оқушылар арасындағы ең беделді олимпиадалардың бірі. Әлемнің әр түкпірінен келген ең мықты 305 жас биологтар бақ сынады. Олимпиадаға, Қазақстан құрама командасының мүшесі елордалық зияткер Бақтыбай Ғалымжан қатысып, қола медаль иеленді.
(фото: instagram.com/bil.astana)
25-29 маусым аралығында Түркияның Анталия қаласында Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы арасында JBMO 2024 Балқан Халықаралық жасөспірімдер Олимпиадасы өтті. Бұл жарыста еліміздің атынан қатысқан барлық алты оқушы жүлделі орындарға ие болып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті.
Қорыта келе, 2024 жыл қазақ балаларының білімге, ғылымға, спортқа және қоғамға қосқан үлесін айқындап берді. Олардың табыстары Қазақстан болашағы жарқын екенін және әлемдік аренада еліміздің мәртебесін биіктете беретінін көрсетті.