Елордадағы спорт киімдерін сататын сауда үйлерінің бірінде ер адам күртесінің жоғалғанын анықтаған. Шығын сомасы - шамамен 100 мың теңге.
Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде Нұра ауданының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 22 жастағы жігітті анықтады.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.