Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024

Қытай Қазақстанға жаңа елшісін тағайындады

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин жаңадан тағайындалған Қытай Халық Республикасының Елшісі Хань Чуньлиннен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қытай Қазақстанға жаңа елшісін тағайындады

Фото: ҚР СІМ

Кездесу барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының барлық өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Сұхбаттастар 2025 жылы жоспарланған аса жоғары және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесін қарастырды. Бұған қоса көпжақты құрылымдар шеңберіндегі елдердің өзара іс-қимылына бөлек назар аударылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар қазақ-қытай ықпалдасудың өзекті мәселелері бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35