Елорда • 01 Қаңтар, 2025

Мерекелік думан

16 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жыл қарсаңында Астананың сегіз нүк­тесінде эстрада жұл­дыздары мен шығар­ма­шылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерттер өтті.

Мерекелік думан

Сурет: sn.kz

Атап айтсақ, Ал­ма­ты ауданында Тә­уел­сіздік даңғы­лы бойындағы Оқушылар са­райы­ның аумағында, Бай­қоңыр ауда­нының Ататүрік саябағының аумағында, Нұра ауданындағы Орталық саябақта және Са­ры­арқа ауданының «Көктал» саябағында сағат 12.00-ден 13.30-ға дейін мерекелік концерттік бағдарламалар ұсынылды. Ал Сарайшық ауданында Про­мышленный тұрғын алабында жаңа жылдық бағдарлама сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін созылды.

Түнгі уақытта қаланың үш орнында мерекелік іс-ша­ралар ұйымдастырылды. 31 жел­тоқ­санда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда (қала әкім­дігінің алдында), «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңының аумағында эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжым­дардың қатысуымен қала тұр­ғын­дары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтті.

Іс-шараларға эстрада жұл­дыздары Алмас Кішкенбаев, Ауree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қор­ған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, сол сияқты «Заман» және «Меломен» топтары, басқа да әртістер қатысып, өнер көрсетті.