Фото: istockphoto.com
1 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Қостанай облысында:
- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
Ақмола облысында:
- «Жезқазған-Петропавл» 377-536 шақырым, (Қостанай облысының шекарасынан Бұзылық ауылына дейін);
Ұлытау облысында:
- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 136-252 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін)
2 қаңтар сағат 09:00-де жолды ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.