Оқиға • 02 Қаңтар, 2025

Бурабайда саяжай отқа оранды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТЖМ қызметкерлері Ақмола облысында өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бурабайда саяжай отқа оранды

Фото: ТЖМ

Бурабай ауданы Зеленый Бор ауылында саяжай кооперативінде өрт шығып, бір шатырдың астындағы саяжай үйін, моншаны және аула құрылыстарын қамтып кеткен.

Өрт сөндірушілер 300 шаршы метр аумаққа жайылған тілсіз жауды жедел сөндіріп, маңайдағы саяжай үйлеріне таралуына жол бермеді.

Ешкім зардап шекпеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.