Ауа райы • 04 Қаңтар, 2025

Ішкі істер министрлігі Қазақстан халқына үндеу жасады

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев қазақстандықтарға үндеу жасап, жол қозғалысына қатысушыларды ауа райының күрт нашарлауы жағдайында барынша сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігі Қазақстан халқына үндеу жасады

«Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Ауа райының нашарлауы жағдайында әр қадамыңыз маңызды рөл атқарады. Мұзтайғақ, күшті жел, боран немесе тұман күнделікті сапарыңызды қауіпті сынаққа айналдыруы мүмкін. Сондықтан алыс жолға шықпауға кеңес береміз. Кейде күткен дұрыс, себебі өз өміріңізді және өзгелердің қауіпсіздігін қатерге тігуге болмайды», – деді Сұлтанбаев.

Ол жолға шыққан жағдайда келесі ережелерді қатаң сақтауды ұсынды:

  • Жылдамдықты азайту;
  • Қауіпсіз қашықтықты сақтау;
  • Маневрлар мен басып озулардан аулақ болу;
  • Алғашқы мүмкіндік болғанда жақын маңдағы елді мекенде немесе қауіпсіз жерде тоқтау.

«Жолдарда тәулік бойы полиция қызметкерлері мен құтқару бөлімшелері кезекшілік атқарып жатыр. Олардың басты мақсаты – сізге көмек көрсету. Төтенше жағдайда бірден тиісті органдарға жүгініңіз», — деді ол.

Қайсар Сұлтанбаев, сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты шектеулер мен талаптарды бұзғандардың заң аясында жауапкершілікке тартылатынын ескертті.