Фото: gov.kz
Зардап шеккендер арасында 20 бала бар.
Пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде Алматы қаласында - 19, Жамбыл облысында - 11, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында - 6, Ақтөбе облысында - 2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шекті.
Оларға көз жарақаты, көз мөлдірқабығының күйігі, қолдың күйігі мен жарақаты диагнозы қойылған. Бір пациенттің жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдап жатыр.