Оқиға • 05 Қаңтар, 2025

Ұлытау облысындағы тас жолда болған апаттан үш адам қаза тапты

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауылына жақын жерде жол апаты болып, салдарынан үш адам ажал құшты, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлытау облысындағы тас жолда болған апаттан үш адам қаза тапты

Фото: istockphoto.com

4 қаңтарда Қызылорда – Павлодар тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып қалған. 

Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан үш адам қаза тапқан.

«Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында жол апатының барлық мән-жайы мен себебін анықтайтын жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысына жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді», делінген хабарламада.