Мектеп • 05 Қаңтар, 2025

Пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті

42 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2024 жылы 373 мың оқушы орнына арналған 257 мектептің құрылысы аяқталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Жыл қорытындысына қарағанда, пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жеткен. Құрылысы аяқталған 257 мектеп – үш ауысымды 42 мектептің және 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік беріп отыр.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, үш ауысымды оқыту және апатты мектептер мәселесін шешу бойынша бюджет қаражаты мен инвестиция есебінен жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде оқу жылының басынан 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп пайдалануға берілген, оның 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры бойынша 27 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп қолданысқа берілді. Қосымша тағы 5 мектеп пен 3,3 мың орындық интернат құрылысы жүріп жатыр. Білім беру нысандарының басым бөлігі Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында салынып жатыр. Барлығы жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен жалпы саны 100 мың оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылған.

Сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен 92 мың оқушы орнына арналған 127 мектеп құрылысы жүргізілді.

Жаңа нысандарды іске қосумен қатар қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді:

• 254 орта оқу орны күрделі жөндеуден өтті;

• 967 мектепке арналған 1621 заманауи пәндік кабинет сатып алынды;

• заманауи стандарттарға сәйкес 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылды;

• 10 мыңнан астам білім беру ұйымының қауіпсіздік жүйелері мен техникалық жарақтандырылуы жақсартылды.

Соңғы жаңалықтар

Қоныстой берекесі

Қоғам • Бүгін, 11:23

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:07

Қала мен дала қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 11:00