Түркістанда депутаттар облыс әкімін тағайындау үшін бас қосады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес, ертең Түркістан облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтеді.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Түркістан облысы әкімінің кандидатурасына келісім беру. Бұл туралы облыстық мәслихат аппараты төрағасының арнайы шақыртуы ресми сайтта жарияланды.