Фото: Үкімет
Бүгін Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихатының жиналысына қатысты.
Мәслихат жиналысының қорытындысына сәйкес ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
Осы жиында Олжас Бектенов Дархан Сатыбалдыға өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыс тіледі.