Фото: Облыс әкімдігі
Ол 1963 жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. 1985 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «Агрономия», 2008 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Есеп және аудит», 2020 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1980 жылы Ақтөбе облысының Исатай совхозында жұмысшы болып бастаған. 1985-1991 жылдары «Ақырап» кеңшарының агрономы, сол кеңшардың Қазақстан Жастар одағы Лениндік комитетінің хатшысы, Исатай аудандық Коммунистік партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Қобда аудандық Коммунистік партия комитетінің ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің нұсқаушысы болған.
1991-2011 жылдары Қобда аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, содан кейін басқарма бастығының орынбасары және «Бестау» ЖШС-нің директоры, Ақтөбе облыстық жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының бастығы болып қызмет еткен.
2011-2024 жылдары Қобда, Темір, Қарғалы аудандарын басқарған. 2024 жылдың тамыз айынан облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарған.