Басылым • Кеше

Америка асқан «Алдар көсе»

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әлем халықтарының ертегілері» атты антология 1961 жылы Нью-Йорктегі Putnam’s Sons баспа­сынан ағылшын тілінде жарық көрген. Бұл антологияға қазақ ертегісі ретінде «Алдар көсенің сиқырлы тоны» енген.

Америка асқан «Алдар көсе»

Аталған кітаптағы ертегілерді Вла­дислав Станов­ский мен Жен Владилав құрастырған, ал Jean Layton есімді америкалық аудармашы ағылшын тіліне тәр­жімелеген. Антология Джордж Вашиңтон уни­верситетінің Гельман атты басты кітапханасында сақ­таулы тұр.

Кітапқа сегізінші ертегі ретінде енген «Алдар кө­сенің сиқырлы тонымен» бірге келесі бетіне осы ер­тегінің өзбек халқына тие­сілі тағы бір нұсқасы бе­рілген. Авторлар атал­ған ер­тегінің Орталық Азия­дағы түркі халықтары арасында кең таралғанын ескеріп, оқырмандардың салыстырып оқуына мүмкіндік туғызып, арнаулы түрде қатар кірістіргені де көңілге қонымды. Қалай десек те, осыдан 63 жыл бұрын «Ал­дар көсе» ер­те­гісінің Америкаға баруы біз үшін қуанарлық жағ­дай екені рас.