Фото: ortalyq.kz
Мәселен, соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелген, оның 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты болған. Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылған.
«Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталды. Жақын шет елдерден келген алты «заңдағы ұрының» Қазақстан аумағында болуының алдын алынды. Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды. Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Адам саудасына байланысты 400-ден астам қылмыс анықталды», делінген ресми деректерде.