Әлем • Кеше

Солтүстік Кореяда хот-дог жеуге тыйым салынды

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын халыққа хот-дог жеуге тыйым салды. Ол хот-догты «батыстық» тағам деп атап, осындай тыйым енгізуді жөн санаған, деп жазады Egemen.kz

Солтүстік Кореяда хот-дог жеуге тыйым салынды

Фото: zira.uz

The Sun басылымының мәліметінше, хот-дог сатқандар немесе шұжықтан жасалған америкалық тағамды үйде дайындағандар еңбек лагерьлеріне жіберілуі мүмкін. Солтүстік Кореяда корей және америкалық асханалардың үйлесімінен әзірленетін Будаэ-чигэ сорпасын әзірлеп, сатуға да шектеу қойылып отыр.

Ким Чен Ын осы қадамы арқылы капиталист мәдениеттің енуін тоқтатуды көздейді. 

Сондай-ақ Солтүстік Корея президенті ажырасқандарды да еңбек лагерьлеріне жіберуді бұйырған. Жаңа «репрессияларға» сәйкес ажырасу «антисоциалистік» әрекет ретінде бағаланады. Ал ерлі-зайыптылар алты айға дейін жазасын өтеуі мүмкін.