Фото: ТЖМ
Зардап шеккендерді елге жеткізу үшін Батыс Қазақстан ТЖ департаментінің құтқарушылары мен психологтары, сондай-ақ жергілікті денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем қызметкерлері Ресейге аттанған.
Оқиға орнына келгеннен кейін зардап шеккендердің Большая Глушица ауылының, Новокуйбышевск және Самара қалаларының медициналық мекемелеріне жатқызылғаны анықталды. Бұл мекемелерде Қазақстан ТЖМ психологтары зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсеткен.
Пациенттер Оралдағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты, олардың мәйіттері Қазақстанға жеткізілген.
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті мамандары науқастардың жағдайының тұрақты, дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлады.