Фото: ІІМ
Әулиекөл ауданындағы жанармай құю станциясына бетін мойын орағышпен ораған адам қарақшылық шабуыл жасады.
Операторды пышақпен қорқытып, ақша талап еткен ол 33 мың теңгені алып кеткен. Полиция 41 жастағы күдіктіні ұстады.
«Қазіргі уақытта қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді. Осы қылмысты жасағаны үшін оның мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі», делінген Қостанай облыстық полиция департаментінің хабарламасында.